Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / «Таза Қазақстан» – таза болашаққа бастар жол

«Таза Қазақстан» – таза болашаққа бастар жол

19 қаралым

Қоршаған ортаны қорғау – бүгінгі күннің ғана емес, келешек ұрпақтың алдындағы маңызды міндеттердің бірі. Табиғатты аялау, елді мекендерді таза ұстау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында елімізде экологиялық акциясы жүзеге асырылуда. Бұл бастама халықты тазалыққа шақырып қана қоймай, әр азаматтың туған жеріне деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

«Таза Қазақстан» акциясының басты мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, абаттандыру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Акция аясында елді мекендерде сенбіліктер ұйымдастырылып, көшелер, аулалар, саябақтар мен қоғамдық орындар тазаланады. Сонымен қатар ағаштар отырғызылып, абаттандыру жұмыстары жүргізіледі.

Мұндай жұмыстардың маңызы зор. Өйткені тазалық тек бір күндік науқанмен шектелмеуі керек. Қоршаған ортаны таза ұстау – әр адамның күнделікті әдетіне айналғаны жөн. Көшеге қоқыс тастамау, тұрмыстық қалдықтарды белгіленген орындарға шығару, жасыл желектерге зиян келтірмеу сияқты қарапайым әрекеттердің өзі табиғатты қорғауға қосылған үлес.

Акцияның тағы бір маңызды қыры – тұрғындардың бірлікпен жұмыс істеуіне мүмкіндік беруі. Сенбіліктерге мемлекеттік мекеме қызметкерлері, жастар, еріктілер, еңбек ұжымдары және ауыл тұрғындары қатысып, туған жердің тазалығына атсалысады. Бұл өз кезегінде қоғам мүшелерінің ортақ іске деген жауапкершілігін күшейтеді.

Әсіресе өскелең ұрпаққа экологиялық тәрбие берудің маңызы ерекше. Балалар мен жастар табиғатты қорғаудың мәнін ерте жастан түсінсе, қоршаған ортаға ұқыпты қарайтын азамат болып қалыптасады. Сондықтан мектептер мен білім беру ұйымдарында экологиялық мәдениетті насихаттау, тазалық шараларына жастарды кеңінен тарту – маңызды бағыттардың бірі.

Тазалық – тек айналаны қоқыстан тазарту емес, ол адамның мәдениеті мен қоғамның жауапкершілігін көрсететін құндылық. Таза көше, көрікті аула, жасыл саябақ – тұрғындарға жайлы орта қалыптастырып, елді мекеннің көркін арттырады.

«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы жұмыстардың нәтижесі бір күнде емес, тұрақты еңбек арқылы көрінеді. Сондықтан әрбір тұрғын туған жерінің тазалығына өз үлесін қосып, қоршаған ортаны қорғауды ортақ міндет деп қабылдауы қажет.

Табиғат – баршаға ортақ қазына. Оны қорғау мен таза ұстау – бүгінгі ұрпақтың келешекке қалдырар ең маңызды аманаттарының бірі. Таза Қазақстан – таза табиғат, таза орта және жарқын болашақтың кепілі.

Ақерке БИЖАН

Райымбек ауданы