Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Жасөспірімдер қауіпсіздігі бірінші орында

Жасөспірімдер қауіпсіздігі бірінші орында

50 қаралым

Еңбекшіқазақ ауданының полиция басқармасының ұйымдастыруымен аудандық Мәдениет үйінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың және балалар суицидінің алдын алу мәселелеріне арналған ведомствоаралық кеңес өтті.

Іс-шараға аудан прокуратурасының өкілдері, аудан әкімінің орынбасары, аудандық білім бөлімінің басшысы, полиция басқармасының басшылығы мен жеке құрамы, сондай-ақ мектептер мен колледж директорлары, олардың орынбасарлары, педагогтер мен психологтар қатысты.

Кеңес барысында тәртіп сақшылары мен уәкілетті органдар өңірдегі ағымдағы жағдайды егжей-тегжейлі талдап, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстар мен қабылданып жатқан шаралар туралы жауапты тұлғалардың баяндамаларын тыңдады.

Жиын қорытындысы бойынша полиция тарапынан профилактикалық жұмысты күшейтуге, тәуекел факторларын анықтауға, кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтік мінез-құлық пен құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған нақты хаттамалық тапсырмалар белгіленді. Аталған тапсырмалардың орындалуы полиция басқармасы басшылығының бақылауына алынды. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын, өмірін және заңды мүдделерін қорғау бағытындағы жұмыс тұрақты түрде жалғасады.

Еңбекшіқазақ ауданының

полиция басқармасы