Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНДА ТҮНГІ РЕЙД ӨТКІЗІЛДІ

ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНДА ТҮНГІ РЕЙД ӨТКІЗІЛДІ

32 қаралым

Алматы облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Еңбекшіқазақ ауданында кезекті түнгі профилактикалық рейд ұйымдастырылды. Рейд барысында компьютерлік клубтар мен қоғамдық орындар тексеріліп, кәмелетке толмағандар арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға Еңбекшіқазақ АПБ ҚҚБ бастығының орынбасары, полиция майоры Біржан Өміржанұлы, ҚҚБ ЮПТ УПИ полиция аға лейтенанты Дәулет Жақыпов, ҚҚБ УПИ полиция капитаны Қуат Басариев, Еңбекшіқазақ ауданы Жастар ресурстық орталығының мамандары Уалихан Алпамысұлы және Мадияр Айдарбаев, сондай-ақ қоғам белсендісі Шалқар Нұрәкімұлы қатысып, рейд жұмыстарына белсенді атсалысты.

«PARYZ ЕРІКТІЛЕРІ»

жастар қоғамдық бірлестігі

Еңбекшіқазақ ауданы