Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / ОТБАСЫЛЫҚ-ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!

ОТБАСЫЛЫҚ-ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!

29 қаралым

Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасының Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің инспекторлары тұрғындар арасында профилактикалық жұмыстар жүргізіп, отбасылық жанжалдар мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын өткізді. Жұмыс барысында: 🔹 отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдары;

🔹 құқықбұзушылықтың салдары мен жауапкершілігі;

🔹 отбасы мүшелері арасындағы сыйластық пен түсіністіктің маңызы;

🔹 қиын жағдайға тап болған азаматтарға көрсетілетін көмек түрлері түсіндірілді.

Полиция қызметкерлері тұрғындарды зорлық-зомбылыққа бейжай қарамауға, құқықбұзушылықтың кез келген фактісі орын алған жағдайда дер кезінде 102 нөміріне хабарласуға шақырады.

Әр отбасы – қауіпсіздік пен сыйластықтың мекені болуы тиіс!

Зорлық-зомбылыққа бірге тосқауыл қояйық!

Гүлназ СҰЛТАНАЙ, Еңбекшіқазақ АПБ ҚҚБ

Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа

қарсы күрес бөлімшесінің бастығы,

полиция капитаны