Үйді, көлікті немесе басқа да мүлікті қорғау үшін міндетті түрде күрделі шаралар қажет емес. Көп жағдайда қарапайым сақтықтың өзі ұрлықтың алдын алуға көмектеседі. Мәселен, үйден шығарда есік-терезені тексеру, аулада бағалы заттарды қараусыз қалдырмау – әдетке айналуы тиіс әрекеттер. Көлік ішінде телефон, сөмке немесе қымбат заттарды көзге көрінетін жерде қалдыру да қауіпті. Ұзақ уақытқа үйден кететін кезде көршілерге ескертіп қойған дұрыс. Бөгде адамның өзін коммуналдық қызмет, банк немесе басқа ұйым қызметкері ретінде таныстыруы да сақ болуға себеп болуы керек. Құжаттар мен банк карталарын бөтен адамға ұстатуға болмайды. Күдікті жағдай байқалғанда мәселені өз бетімен шешуге тырыспай, мамандарға жүгінген жөн. Мүлікті қорғауда бейқамдыққа жол бермеу маңызды. Сақтыққа жұмсалған аз ғана уақыт кейінгі үлкен шығыннан құтқаруы мүмкін.
Сая ЕРБОЛАТҚЫЗЫ