Перейти к содержимому

Есірткімен күрес – баршаның міндеті

4 қаралым

Есірткі қылмысының алдын алу құқық қорғау органдарының ғана жұмысы емес. Бұл бағытта отбасы, мектеп, қоғам және мемлекеттік мекемелер өзара байланыста әрекет етуі керек. Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру да алдын алудың маңызды тетігі саналады. Спорттық үйірмелер мен шығармашылық орталар жасөспірімдердің қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Қоғам заңсыз есірткі айналымына төзбеушілік танытқанда ғана оған қарсы күрес нәтижелі болады. Есірткісіз орта қалыптастыру – әр азаматтың ортақ жауапкершілігі.

Айжарық КӨПТІЛЕУОВ