Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Өтеген батыр ауылындағы абаттандыру жұмыстарымен танысты

Өтеген батыр ауылындағы абаттандыру жұмыстарымен танысты

7 қаралым

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында облыс аумағында ауқымды жұмыстар қолға алынып, жүйелі жүргізілуде. Алматы облысына қарасты аудан әкімдері өңірлердегі абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарын жіті бақылауда.

Өткен аптаның сенбісі күні Іле ауданының әкімі Қайыржан Жақсымбетов Өтеген батыр ауылын аралап, ондағы жүргізіліп жатқан абаттандыру жұмыстарымен танысты. Аудан басшысы жауапты мамандарға санитарлық тазалық, көгалдандыру және қоғамдық орындардың жай-күйіне назар аударып, жұмыстарды сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Іле ауданы