Перейти к содержимому

Ауыл жолындағы сақтық

21 қаралым

Ауылдық жерлердегі жол қозғалысының өзіндік ерекшеліктері бар. Жол бойында малдың жүруі, жаяу жүргіншілердің қозғалысы және көрінудің шектеулі болуы жүргізушіден ерекше сақтықты талап етеді. Елді мекенге жақындағанда жылдамдықты төмендету қажет. Мал иелері де төрт түліктің жолға шығып кетпеуін қадағалауы тиіс. Жол қауіпсіздігіне әр тұрғын өз үлесін қосқанда ғана нәтиже болады.

Айжарық КӨПТІЛЕУОВ