Перейти к содержимому

Ауыл айналасын тазартты

39 қаралым

Балқаш ауданының Көктал ауылында Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында кезекті сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Сенбілік барысында ауыл тұрғындары мен мекеме-ұйым қызметкерлері Ә. Ахметов және Сарбас көшелерінің аумағында тазалық жұмыстарын жүргізіп, өскен шөптерді шапты.

«Тазалық ортақ жауапкершілік. Ауылымыздың көркеюі мен қоршаған ортаның таза болуы әрқайсысымыздың үлесімізден басталады», деген көкталдықтар айналаны ретке келтіріп, табиғатты аялауды өздерінің борышына балайды.

Алтынай ТАЛҒАТҚЫЗЫ

Балқаш ауданы