Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Тазалық пен жауапкершілік жолында

Тазалық пен жауапкершілік жолында

58 қаралым

«Таза Қазақстан» – қоршаған ортаны қорғауға, елдімекендерді абаттандыруға және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған бастама. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында облысымызда да бұл акция аясында тазалық жұмыстары тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. 

Осы орайда Қонаев қаласында «Таза бейсенбі» тазалық акциясы ұйымдастырылып, «Қарлығаш» шағынауданы маңы қоқыстан тазартылды. Шараға облыстық басқармалар мен аумақтық департаменттердің қызметкерлері, қоғамдық ұйымдардың, жастар ұйымдары мен еріктілер жол бойындағы аумақты тазалауға атсалысты.  Облыс бойынша экологиялық шараға 25 684 адам қатысып, 603 тонна қоқыс шығарылып, 627 гектар аумақ тазартылды. Іс-шара барысында қалдықтардың жекелеген түрлері одан әрі қайта өңдеу үшін жиналып, сұрыпталды.

2026 жылдың басынан бері Алматы облысында 30 жалпыоблыстық сенбілік өткізілді, Осы уақыт аралығында экологиялық шараларға 700 мыңға жуық адам қатысты. Бірлескен жұмыстың нәтижесінде 9248 гектар аумақ тазартылып, 16 тонна қоқыс шығарылды. 103881 түп ағаш отырғызылды. Сенбіліктерді өткізуге 3800-ден астам техника жұмылдырылды.

Таза Қазақстанның басты мақсаты – бір күндік тазалық жұмыстарын өткізу ғана емес, қоғамда тазалық мәдениетін қалыптастыру, табиғатты қорғауға деген жауапкершілікті арттыру және туған қалаға деген жанашырлықты күшейту. Елдімекендердің тазалығына атсалысу – әр азаматтың парызы.

Ш. Халыққызы

Қонаев қаласы