«Таза Қазақстан» бастамасы – қоршаған ортаны қорғауға және елді мекендердің көркейуіне бағытталған маңызды жұмыстардың бірі. Тазалықты сақтау тек сенбілік кезінде емес, күнделікті өмір салтына айналуы қажет. Әр тұрғын өз ауласының, көшесінің тазалығына жауапкершілікпен қараса, қоғамдық орта да жақсара түседі. Айналаны таза ұстау – туған жерге деген құрметтің белгісі. Сондықтан қоқысты белгіленбеген жерге тастамау, жасыл желекті қорғау және абаттандыру жұмыстарына атсалысу – әр азаматтың ортақ міндеті. Таза әрі жайлы елді мекен қалыптастыру қоғамның бірлескен еңбегіне байланысты.
Алтынай СЕЙІТКЕН