Туған өлкенің тазалығы әрбір үйдің ауласынан басталады. «Таза Қазақстан» акциясы тұрғындарды қоршаған ортаға ұқыпты қарауға, табиғатты аялауға және қоғамдық орындарды таза ұстауға үндейді. Ауланы тазалау, ағаш отырғызу, көшелерді абаттандыру сияқты қарапайым істер елді мекеннің көркін арттырады. Мұндай жұмыстарға жастардың, үлкендердің және еңбек ұжымдарының бірге қатысуы қоғамдағы жауапкершілік пен бірлікті нығайтады. Тазалық бар жерде тәртіп те, жайлылық та болады. Сондықтан қоршаған ортаны қорғау – бүгінгі күннің ғана емес, келешек ұрпақ алдындағы маңызды жауапкершілік.
Құралбек СӘБИТОВ