Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Қонаевта көшеде қоқыс тастайтындарға бақылау күшейтілді

Қонаевта көшеде қоқыс тастайтындарға бақылау күшейтілді

30 қаралым

Биылдан бастап жергілікті әкімдіктер ҚР ӘҚБтК-нің 434-2 және 505-баптары бойынша айыппұл салуға құзіретті.

Осыған байланысты Қонаев қаласының әкімдігі белгіленбеген орындарда қоқыс тастайтындарға бақылауды күшейтті. Соңғы бір аптада ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабына (Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу) сәйкес, 2 адамға ескерту беріліп, 1 адамға айыппұл салынды.

Сондай-ақ тазалық сақтамағандармен Полиция басқармасы да күресуде. Тамыз айында ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша 149 адамға ескерту беріліп, 1 жеке тұлғаға 43250 тг айыппұл салынды. Ал ҚР ӘҚБтК-нің 434-2 бабына (Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау) сәйкес, 64875 тг айыппұл салынды.

ТҮКШ бөлімінің мамандары тұрғындарды айналаны ластамауға, «Таза» Қазақстан принципін ұстануға шақырады.