Ауыл мен қала тазалығы – сол жерде тұратын халықтың мәдениеті мен жауапкершілігінің айнасы. «Таза Қазақстан» бастамасы аясында аулаларды, көшелерді және қоғамдық орындарды ретке келтіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуі маңызды. Әр тұрғын өз үйінің маңын таза ұстап, абаттандыруға үлес қосса, елді мекеннің жалпы келбеті де өзгереді. Қоршаған ортаға жанашырлық таныту тек сенбілік кезінде емес, күнделікті өмірде көрініс табуы керек. Табиғатты аялау мен тазалықты сақтау – келер ұрпақ алдындағы жауапкершілік. Бір адамның игі ісі көпшілікке үлгі болып, тазалық мәдениетін қалыптастыруға жол ашады.
Сая ЕРБОЛАТҚЫЗЫ