Перейти к содержимому

Жасыл желек – ел көркі

20 қаралым

Қоршаған ортаны қорғау мен елді мекендерді көгалдандыру – «Таза Қазақстан» бастамасының маңызды бағыттарының бірі. Осыған орай қоғамдық орындарда, көшелер мен аулаларда ағаштар мен гүлдер отырғызылып, жасыл желектердің жағдайына көңіл бөлінуде. Көгалдандыру жұмыстары елді мекендердің көркін арттырып қана қоймай, тұрғындарға жайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік береді. Әсіресе жастардың табиғатты қорғау шараларына қатысуы экологиялық тәрбие тұрғысынан маңызды. Отырғызылған әрбір көшетті күтіп-баптау да оны отырғызумен қатар жүретін жауапты іс. Табиғатты аялау мәдениеті мектептен, отбасынан және күнделікті өмірдегі қарапайым әдеттерден қалыптасады. Сондықтан жасыл желекті көбейту мен оны қорғау – бүгінгі ұрпақтың табиғатқа жасаған игі амалы әрі келешекке қалдырар мұрасы.

Ерзат АСЫЛ