Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Алатау қаласында тазалық жұмыстары қарқын алды: аулалар мен мекеме аумақтары ретке келтірілді

Алатау қаласында тазалық жұмыстары қарқын алды: аулалар мен мекеме аумақтары ретке келтірілді

44 қаралым

Алатау қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық бағадарламасы аясында ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілді. Қаланың тұрғын үй аулалары, мекеме аумақтары, қоғамдық орындар мен оған іргелес аумақтар тазаланып, абаттандыру жұмыстары атқарылды.

Тазалық жұмыстары барысында аулалардағы тұрмыстық және кездейсоқ қоқыстар жиналып, жаяу жүргіншілер жолдары мен ортақ пайдаланылатын аумақтар ретке келтірілді. Сонымен қатар мекемелердің аулалары мен ғимараттарға іргелес аумақтар тазаланып, қоршаған ортаның санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстар жүргізілді.

Іс-шараға коммуналдық қызметтердің мамандары, мекеме қызметкерлері және қала тұрғындары атсалысты. Арнайы техникалар жұмылдырылып, жиналған қоқыс белгіленген орындарға шығарылды.

Қаланың әр ауданында ұйымдастырылған тазалық жұмыстарының басты мақсаты — қоршаған ортаны таза ұстау ғана емес, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және ортақ кеңістікке деген жауапкершілікті арттыру.

«Таза Қазақстан» бастамасы аясындағы мұндай жұмыстар Алатау қаласында тұрақты түрде жалғасып келеді. Таза әрі жайлы қала қалыптастыру — тек коммуналдық қызметтердің емес, әрбір тұрғын мен ұйымның ортақ міндеті.

Алатаулықтар үшін аула, көше, мекеме аумағы мен қоғамдық кеңістіктің тазалығы — қаланың көркі мен өмір сүру сапасының маңызды бөлігі.

Тазалық — бір күндік жұмыс емес, ортақ мәдениет. Алатау қаласында бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Риза САУРАНБАЕВА,

қоғамдық кеңестің төрағасы

Алатау қаласы