«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Кеген ауданы, Шырғанақ ауылдық округінде кезекті бейсенбілік өтті.
Тазалық шарасына ауылдық округ әкімдігінің қызметкерлері, мекеме ұжымдары және ауыл тұрғындары белсене қатысты.
Бейсенбілік барысында ауыл көшелері, қоғамдық орындар мен мекемелердің айналасы қоқыстан тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, аумақтардың санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында тұрмыстық қалдықтар шығарылып, қоршаған ортаны таза ұстауға бағытталған жұмыстар атқарылды.
— Ауыл-аймақты тазарту әрі көркіне көрік қосу — баршамыздың ортақ міндетіміз. Осындай игі іске атсалысып, белсенділік танытқан ауыл тұрғындарына өз алғысымды білдіремін,— дейді Шырғанақ ауылдық округінің әкімі Руслан Уәлиұлы.
Тазалық — мәдениеттің белгісі, ал табиғатты аялау әр азаматтың парызы екенін ұмытпаған жөн.
Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ
Кеген ауданы