Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Таза ауыл – жарқын болашақтың кепілі 

Таза ауыл – жарқын болашақтың кепілі 

28 қаралым

Кеген ауданы Ақтасты ауылында санитарлық тазалықты сақтау, елдімекенді көркейту, абаттандыру және қоршаған ортаның тазалығын қамтамасыз ету мақсатында кезекті «Таза Бейсенбі» тазалық шарасы ұйымдастырылды. Шара барысында мектеп аумағында тазалық жұмыстары жүргізіліп, қоғамдық орындар қоқыстан тазартылды.

–Тазалық – денсаулық кепілі, береке бастауы. Тазалық болған жерде құт пен ырыс бар. Сондықтан өңірімізді таза ұстайық, ластамайық, өскелең ұрпаққа үлгі болайық! Республикалық бастаманы бірге қолдайық! Сенбілікке бейжай қарамай, өз үлестерін қосқан мектеп ұжымына алғысымды білдіремін! – деді Ақтасты орта мектебінің директоры Қымбат Қамбарбекова.

Аталған шара елдімекеннің санитарлық жағдайын жақсартуға септігін тигізіп қана қоймай, тұрғындар арасында қоғамдық белсенділік пен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға өз үлесін қосты.

Тазалық – баршамызға ортақ міндет. Туған жеріміздің көркеюі мен қоршаған ортаның таза болуы әр азаматтың жауапкершілігіне байланысты.


Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

Кеген ауданы