Перейти к содержимому

Таза аула – таза қоғам

27 қаралым

«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында елдімекендерде тазалық пен абаттандыру жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Игі бастама қоршаған ортаны қорғаумен қатар, тұрғындардың ортақ кеңістікке деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Сенбіліктер барысында көшелер, аулалар, саябақтар мен қоғамдық орындар ретке келтіріледі. Жиналған қоқыстар шығарылып, аумақтар тазаланады. Мұндай жұмыстарға мемлекеттік мекеме қызметкерлері, жастар, еңбек ұжымдары және белсенді тұрғындар қатысуда. Тазалықты сақтау тек акция кезінде емес, күнделікті өмірде қалыптасқан әдетке айналуы маңызды. Әр тұрғын өз ауласы мен көшесінің тазалығына үлес қосса, елді мекеннің көркі де арта түседі. «Таза Қазақстан» – табиғатты аялауға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға үндейтін ортақ бастама. Таза әрі жайлы орта қалыптастыру – баршаға ортақ міндет.

Айжарық КӨПТІЛЕУОВ