Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Табиғатты қорғау – баршаға ортақ міндет

Табиғатты қорғау – баршаға ортақ міндет

28 қаралым

«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыруға ерекше мән береді. Акция аясында ағаш отырғызу, аумақтарды тазарту және көгалдандыру жұмыстары ұйымдастырылып келеді. Жасыл желекті көбейту елді мекендердің экологиялық жағдайын жақсартуға ықпал етеді. Сонымен қатар табиғи аумақтарды қоқыстан тазарту арқылы қоршаған ортаның тазалығы сақталады. Бұл жұмыстарға әртүрлі сала өкілдерімен бірге еріктілер мен жастар да белсенді атсалысуда. Әсіресе өскелең ұрпаққа табиғатқа жанашырлықпен қараудың маңызын түсіндірудің мәні зор. Қоршаған ортаны таза ұстау үлкен бастамалардан ғана емес, қарапайым күнделікті әрекеттерден басталады. Қоқысты белгіленген орынға тастау, ағаштарды қорғау және қоғамдық орындарды таза ұстау – әр азаматтың жауапкершілігі. Табиғатты бірге қорғау арқылы болашақ ұрпаққа таза әрі жайлы орта қалдыра аламыз.

Асыл ЕРЗАТ