Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / ІЛЕ АУДАНЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: БІР КҮНДЕ 68 ТОННА ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛДЫ

ІЛЕ АУДАНЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: БІР КҮНДЕ 68 ТОННА ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛДЫ

40 қаралым

Іле ауданында World Cleanup Day 2026 – Дүниежүзілік тазалық күніне орай «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында кезекті жалпыаудандық сенбілік өтті.19 қыркүйекте ұйымдастырылған экологиялық акция ауданның барлық елді мекенін қамтыды. Жалпы аудан бойынша 3 956 адам қатысып, 29 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 25 гектар аумақ тазартылып, 68 тонна қоқыс шығарылды.Сенбілік барысында көшелер, қоғамдық орындар мен ортақ пайдаланудағы аумақтар тазартылып, елді мекендерді абаттандыру жұмыстары жүргізілді.«Таза Қазақстан» аясындағы санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары ауданда тұрақты түрде жалғасады.