«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында мекеме алаңында жүргізілген түсіндірме жұмыстары – қоғамда адалдық пен әділдікті қалыптастыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі.
Кеген ауданы Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі Рүстем Әлімов мәдениет қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша жиын өткізді.
Бұл шараның басты мақсаты азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырып, жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту, заң талаптарын құрметтеуге шақыру болды.
– Мемлекетте қазір ең жоғарғы басымдық – «Заң мен тәртіп», заңдылықтың сақталуы, тәртіп – бір сөзбен айтатын нәрсе емес. Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіріп, әділдік пен сенімге нұқсан келтіретін келеңсіз құбылыс. Әр азамат заңды құрметтеп, адалдық пен жауапкершілікті басты қағида етуі қажет. Адал қоғам – жарқын болашақтың негізі! Пара бермеу де, пара алмау да әрқайсымыздың азаматтық міндетіміз. Мемлекеттің айнасы болып жүрген сіздер мен біздер сыбайлас жемқорлыққа ешқашан жол бермеуіміз тиіспіз, – деген ауыл әкімі Рүстем Жеңісұлы сыбайлас жемқорлық заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кесел екенін атап өтті.
Жемқорлыққа жол бермей, адалдықты қолдап, «Заң мен тәртіпті» берік сақтайық!
Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ
Кеген ауданы

