Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру – қоғам алдындағы маңызды міндеттердің бірі. Өз құқығы мен міндетін білетін жас түрлі құқықбұзушылықтан сақтанып, жауапты шешім қабылдауға бейім болады. Осыған байланысты мектептер мен колледждерде құқықтық түсіндіру кездесулерін ұйымдастырудың маңызы зор. Мұндай кездесулерде Конституцияның негізгі қағидаттары, заң талаптары және азаматтық жауапкершілік мәселелері түсіндіріледі. Полиция және басқа да уәкілетті органдар өкілдерімен ашық сұхбат өткізу жастардың сұрақтарына жауап табуына мүмкіндік береді. Құқықтық білім күнделікті өмірде қауіпсіз әрекет етуге де көмектеседі. Заңды құрметтейтін ұрпақ – қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықтың маңызды тірегі.
Ерзат АСЫЛ
