Перейти к содержимому

Салауатты өмір салты – саналы таңдау

18 қаралым

Ішімдікті шамадан тыс тұтыну адамның денсаулығына, отбасылық қарым-қатынасына және қоғамдық өміріне кері әсер етуі мүмкін. Алкогольге байланысты мәселелердің алдын алу үшін әр азамат өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы қажет. Әсіресе жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау маңызды. Спортпен шұғылдану, мәдени іс-шараларға қатысу және пайдалы әдеттерді қалыптастыру бос уақытты тиімді өткізуге мүмкіндік береді. Отбасындағы дұрыс тәрбие де зиянды әдеттердің алдын алуға ықпал етеді. Қажет болған жағдайда мамандардың көмегіне жүгіну маңызды. Салауатты өмір салтын таңдау – адамның өзіне және жақындарына деген жауапкершілігінің көрінісі.

Ерзат АСЫЛ

↑