Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес құқық қорғау органдары қызметінің маңызды бағыттарының бірі. Мұндай қылмыстардың алдын алу үшін мемлекеттік органдар мен қоғамның өзара іс-қимылы қажет. Азаматтар күмәнді әрекеттерге куә болған жағдайда, тиісті органдарға хабарлай алады. Әсіресе есірткі заттарын таратуға байланысты құқықбұзушылықтарға бейжай қарамау маңызды. Жастарға есірткінің зияны мен оны заңсыз сақтаудың, тасымалдаудың және өткізудің құқықтық салдары түсіндірілуі керек. Бос уақытты спортқа, өнерге және білімге арнау пайдалы әдеттерді қалыптастырады. Қоғамның бірлескен әрекеті есірткі қылмысының алдын алуға ықпал етеді.
Құралбек СӘБИТОВ
