Белгіленген жылдамдық режимін бұзу жол-көлік оқиғаларының туындау қаупін арттырады. Жүргізуші рөлге отырған сәттен бастап өз өміріне ғана емес, жолаушылар мен басқа да жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне жауап береді. Сондықтан жол белгілерінде көрсетілген талаптарды қатаң сақтау қажет. Елдімекендерде, мектептер мен жаяу жүргіншілер өткелдерінің маңында ерекше сақтық танытқан жөн. Жаңбыр, тұман немесе көктайғақ кезінде көлік жылдамдығын төмендету маңызды. Жол ережесін бұзғаны үшін заңда белгіленген жауапкершілік көзделген. Ең бастысы, жолға шыққанда асығыстықтан гөрі қауіпсіздікті бірінші орынға қою керек.
Құралбек СӘБИТОВ
