Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Интернеттегі қауіпсіздік – бүгінгі күннің талабы

Интернеттегі қауіпсіздік – бүгінгі күннің талабы

23 қаралым

Цифрлық технологиялардың дамуы интернетті күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналдырды. Сонымен қатар желіде алаяқтық, жеке деректерді заңсыз пайдалану және жалған ақпарат тарату сияқты қауіптер кездеседі. Сондықтан азаматтар интернетті қолданғанда сақтық танытуы қажет. Бейтаныс адамдарға банк картасының деректерін, құпиясөздерді және SMS арқылы келген растау кодтарын беруге болмайды. Күмәнді сілтемелерге өтпей, ақпараттың шынайылығын тексерген дұрыс. Балаларға да интернеттегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, желідегі қарым-қатынасына назар аудару маңызды. Цифрлық сауаттылықты арттыру жеке деректерді қорғауға және интернет-алаяқтықтың алдын алуға көмектеседі.

Ерзат АСЫЛ

↑