Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Құқықтық мәдениет ерте кезден қалыптасады

Құқықтық мәдениет ерте кезден қалыптасады

52 қаралым

Құқықтық мәдениет – адамның заңды білуі, өз құқықтары мен міндеттерін түсінуі және заң талаптарын құрметтеуі. Құқықтық мәдениеті жоғары адам кез келген мәселені заң аясында шешуге тырысады.

Құқықтық білім адамға күнделікті өмірде қажет. Мысалы, еңбек шартына қол қойған кезде өз құқықтарын білу, интернетте жеке мәліметтерді қорғау немесе қоғамдық орында өз міндеттерін түсіну – құқықтық сауаттылықтың көрінісі.

Құқықтық мәдениет бала кезден қалыптасады. Отбасы мен мектеп балаларға заңды құрметтеуді және жауапкершілікті үйретуі керек. Заңды білетін әрі құрметтейтін азаматтар көбейген сайын қоғам да қауіпсіз және тұрақты бола түседі.

Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ

↑