Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Есірткінің заңсыз айналымына жол берме!

Есірткінің заңсыз айналымына жол берме!

31 қаралым

Есірткі – адамның денсаулығына ғана емес, оның өміріне, отбасына және болашағына қауіп төндіретін қауіпті зат. Әсіресе жастардың есірткіге тәуелді болуы қоғам үшін үлкен алаңдаушылық туғызады. Сондықтан есірткінің зияны туралы түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізу қажет. Жасөспірімдер бос уақытын спортқа, білімге және пайдалы қоғамдық жұмыстарға арнағаны жөн. Ата-аналар баласының ортасына, мінез-құлқына және қызығушылықтарына назар аударуы керек. Есірткіні насихаттау мен заңсыз айналымына қатысу заң алдында жауапкершілікке әкеледі. Қауіпті ұсыныстарға ермей, күмәнді әрекеттерден аулақ болу – әр адамның өз болашағына жасаған дұрыс таңдауы. Салауатты өмір салтын қалыптастыру – есірткі қылмысының алдын алудың тиімді жолдарының бірі.

Алтынай СЕЙІТКЕН

↑