Перейти к содержимому

Ішімдік – қауіптің бастауы

36 қаралым

Алкогольді шамадан тыс тұтыну адамның денсаулығына ғана емес, қоғамдық қауіпсіздікке де кері әсер етеді. Ішімдікке салыну отбасындағы түсініспеушілікке, жанжалға және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа себеп болуы мүмкін. Мас күйінде көлік жүргізу жол-көлік оқиғаларының орын алу қаупін бірнеше есе арттырады. Сондықтан көлік жүргізушілері алкоголь қолданғаннан кейін рөлге отырмауы тиіс. Ата-аналардың ішімдікке тәуелділігі балалардың тәрбиесі мен психологиялық жағдайына да кері әсер етуі ықтимал. Салауатты өмір салтын ұстану адамға өз денсаулығын сақтап, отбасына жауапкершілікпен қарауға мүмкіндік береді. Ішімдіктің алдын алу – тек жеке адамның емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Өмірді бағалау мен жақындарға қамқорлық жасау зиянды әдеттерден бас тартудан басталады.

Алтынай СЕЙІТКЕН

↑