Перейти к содержимому

38 тонна қоқыс шығарылды

61 қаралым

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Іле ауданында санитарлық тазалық сенбілігі өтті. Сенбілікке 3350 адам қатысып, 35 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 58 гектар аумақ тазартылып, 38 тонна қоқыс шығарылды.
«Тазалық – тек сенбілік кезінде атқарылатын жұмыс емес, ол күнделікті тәртіп пен жауапкершіліктің көрінісі. «Заң мен тәртіп» қағидаты әр азаматтың қоғамдық ортаға ұқыпты қарауынан, белгіленбеген жерге қоқыс тастамауынан және ортақ мүлікке жауапкершілікпен қарауынан басталады. Әсіресе балаларымыз білім алатын мектептердің айналасы таза әрі қауіпсіз болуы тиіс. Ауданымызды таза ұстау – баршамызға ортақ міндет», – деді аудан тұрғындарының бірі.
Іс-шараның басты мақсаты – тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау дағдысын нығайту және елдімекендерді абаттандыру жұмыстарына жұртшылықты кеңінен тарту.

Өз тілшіміз

↑