Аймақтың ажарын сәулетті ғимараттар ғана айқындамайды.
Көшенің тазалығы, ауланың жинақылығы, жасыл желектің жайқалуы да шаһар шырайын ашуда аса маңызды. Қай ауылға немесе қалаға барсаңыз да,
ең алдымен оның тазалығы мен ұқыптылығына назар аударасыз. Бұл – сол жерде тұратын тұрғындардың мәдениеті мен жауапкершілігін аңғартатыны анық. «Таза Қазақстан» бастамасы осы жауапкершілікті арттыруға мүмкіндік берді. Түрлі сенбіліктер мен тазалық шаралары ұйымдастырылып,
көпшілік ортақ іске жұмыла кірісіп келеді. Мұндай жұмыстардың басты нәтижесі жиналған қоқыстың көлемімен өлшенбеуі керек. Ең маңыздысы – адамдардың қоршаған ортаға деген көзқарасының өзгеруі.
Құралбек СӘБИТОВ
