Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Отан қорғау – абыройлы міндет

Отан қорғау – абыройлы міндет

69 қаралым

6654 әскери бөліміне 2-2026 шақырылымның 46 жас сарбазы келді.

Отан алдындағы азаматтық борышын өтеу – әрбір ер азамат үшін үлкен жауапкершілік әрі мәртебелі міндет. Осы орайда Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6654 әскери бөліміне 2-2026 шақырылым бойынша Жамбыл облысы, Тараз қаласынан 46 жас сарбаз әскери қызмет өткеру үшін келіп жетті.

Жас сарбаздарды әскери бөлімнің жеке құрамы белгіленген тәртіппен қарсы алып, оларды әскери өмірге бейімдеу жұмыстары ұйымдастырылды. Алғашқы күннен бастап сарбаздарға әскери бөлімнің ішкі тәртібі, күн тәртібі, әскери қызметшілердің құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ қауіпсіздік талаптары түсіндірілді.

Әскери қызметтің алғашқы кезеңі – сарбаз үшін жауапкершілікті сезініп, тәртіпке үйреніп, жауынгерлік даярлықтың негіздерін меңгеретін маңызды уақыт. Жас толықтыру саптық даярлық, дене шынықтыру, атыс даярлығы, әскери-техникалық даярлық және басқа да жалпыәскери пәндер бойынша білім мен тәжірибе жинақтайды.

Сарбаздардың әскери ортаға тез бейімделуі мен олардың рухани-психологиялық жағдайын қалыптастыруға да ерекше көңіл бөлінеді. Тәлімгерлер мен командирлер жас жауынгерлерге бағыт-бағдар беріп, әскери тәртіпті сақтаудың, өзара сыйластық пен жолдастықтың маңызын түсіндіреді.

Жаңа шақырылым сарбаздары үшін әскери қызмет – тек Отан алдындағы борышын өтеу ғана емес, сонымен қатар өмірлік тәжірибе жинақтап, жауапкершілік пен төзімділікті қалыптастыратын маңызды кезең. Әрбір жауынгер әскери қызмет барысында ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғауға өз үлесін қосуға ұмтылады.

Тараз қаласынан келген 46 жас сарбазға әскери қызметтеріне сәттілік, мықты денсаулық, жоғары жауынгерлік рух және Отан алдындағы қасиетті борыштарын абыроймен атқаруды тілейміз!

Отан қорғау – ер азаматқа жүктелген қасиетті міндет. Елге адал қызмет ету – үлкен абырой.

↑