Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / «Заң мен тәртіп» – қоғамның ортақ ұстанымы

«Заң мен тәртіп» – қоғамның ортақ ұстанымы

31 қаралым

Заң мен тәртіп қағидаты қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздіктің негізін қалайды. Жаңа Конституцияда заң үстемдігін қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау мемлекеттің негізгі қағидаттары ретінде көрсетілген. Бұл ұстанымның жүзеге асуы мемлекеттік органдардың жұмысына ғана емес, әр азаматтың күнделікті әрекетіне де байланысты. Қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, өзгенің мүлкіне қол сұқпау және заңды құрметтеу – жауапты мінез-құлықтың белгілері. Құқықбұзушылықтың алдын алу үшін тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу маңызды. Жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға отбасы, мектеп және қоғамдық ұйымдар бірлесе үлес қосуы қажет. Әр адам заң талаптарын орындауды жеке жауапкершілігі деп қабылдағанда, қоғамдағы сенім артады. Заңға құрмет – қауіпсіз әрі әділетті өмірдің негізі.

Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

↑