Цифрлық технологиялар дамыған сайын интернет арқылы жасалатын алаяқтықтың да түрлері көбейіп келеді. Белгісіз нөмірлерден хабарласатын адамдардың жалған ұсыныстарына сену немесе банк картасының деректерін бөлісу қаржылық шығынға әкелуі мүмкін.
Мамандар күмәнді сілтемелерге өтпеуге, SMS арқылы келген кодтарды бөгде адамдарға бермеуге және қаржылық операцияларды тек ресми арналар арқылы жүргізуге кеңес береді. Қарапайым сақтық ережелерін сақтау – жеке қаражатты қорғаудың маңызды шарты.
Тоғжан Жолдығали
