Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / Жылдамдықты асыру – өмірге төнген қауіп

Жылдамдықты асыру – өмірге төнген қауіп

102 қаралым

Жолдағы жылдамдықты белгіленген мөлшерден асыру – жол-көлік оқиғаларының ауырлығын арттыратын факторлардың бірі. Жүргізуші неғұрлым жоғары жылдамдықпен қозғалған сайын, күтпеген кедергіге дер кезінде әрекет ету мүмкіндігі соғұрлым азаяды. Әсіресе жаяу жүргіншілер өткелдері мен тұрғын үй аумақтарында мұқият болу қажет.
Көлік жүргізушісі жол жағдайын, ауа райын және қозғалыс қарқынын ескеріп отыруы керек. Жаңбырлы, тұманды немесе тайғақ кезде жылдамдықты азайту маңызды. Сонымен қатар қауіпсіздік белдігін тағу және көліктің техникалық жағдайын бақылау да ережелердің орындалуымен қатар жүруі тиіс.
Жолға шыққан әр адам өз өмірімен бірге өзгелердің де қауіпсіздігіне жауапты. Бірнеше минут үнемдеу үшін тәуекелге бару орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін.

Ерзат АСЫЛ

↑