Перейти к содержимому

ПАРАСЫЗ ҚОҒАМ – ОРТАҚ МАҚСАТ

63 қаралым

Сыбайлас жемқорлық – қоғамдағы әділдік қағидаттарын бұзып, азаматтардың тең мүмкіндіктерін шектейтін күрделі мәселе. Пара беру арқылы заңсыз артықшылыққа қол жеткізу басқа азаматтардың құқықтарымен заңды мүдделеріне нұқсан келтіруі мүмкін. Сондықтан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу елдің дамуы мен қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуда маңызды рөл атқарады.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін оған ықпал ететін жағдайларды анықтап, жою қажет. Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібінің түсінікті болуы, азаматтардың өтініштерінің әділ қаралуы және қабылданатын шешімдердің заң талаптарына сай болуы заңсыз әрекеттердің алдын алуға мүмкіндік береді. Бұл ретте мемлекеттік органдардың ашықтығымен жауапкершілігі ерекше маңызға ие.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстың тиімділігі өткізілген іс-шаралардың санымен емес, нақты нәтижелермен өлшенуі тиіс. Азаматтардың құқықтары қорғалып, мемлекеттік қызметтер баршаға бірдей әрі әділ көрсетілген жағдайда ғана әділдік қағидаттары нығая түседі.

Парасыз қоғам қалыптастыру үшін заң талаптары сақталып, әр азаматтың құқықтары қорғалуы қажет. Бұл мемлекеттік органдардың жүйеліжұмысын және қоғамның белсенді қолдауын талап етеді. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттырып, заң үстемдігі мен әділдік қағидаттары орныққан қоғам қалыптастырудың маңызды шарты.

ҚР МҚІА Алматы облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы 

Айбын Ясын Мұхамедқалиұлы

↑