Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / Жастар мен волонтерлер – «Таза Қазақстан» қозғалысының қозғаушы күші

Жастар мен волонтерлер – «Таза Қазақстан» қозғалысының қозғаушы күші

163 қаралым

Бүгінде «Таза Қазақстан» бастамасы жастардың басын біріктіретін үлкен патриоттық қозғалысқа айналды. Еліміздің түкпір-түкпірінде жүздеген мың белсенді жастар, волонтерлер мен студенттер саябақтарды, өзен жағалауларын, тарихи-мәдени ескерткіштер маңын тазалауға біркісідей атсалысуда.

Жастардың табиғатты қорғауға деген мұндай ынтасы – қоғамда жаңа экологиялық трендтің қалыптасқанын білдіреді. Бастама аясында мыңдаған тонна қалдық шығарылып қана қоймай, мыңдаған түп ағаш отырғызылуда. Бұл – жастардың өз еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілігінің нақты іспен дәлелденуі.

Эко-белсенділік – сән емес, заман талабы. Жастардың бұл қадамы аға буынға да, кішіге де үлгі болып, бүкіл қоғамды тазалық пен тәртіпке үндеп келеді.

↑