Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: Логистика инфрақұрылымын дамытуға баса мән беру қажет

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: Логистика инфрақұрылымын дамытуға баса мән беру қажет

59 қаралым

«Келесі мәселе. Логистика инфрақұрылымын дамытуға баса мән беру қажет.
 
Бұл – еліміздің өсіп-өркендеуіне ықпал ететін маңызды фактордың бірі.
 
Қазіргі таңда логистика мәселесімен барлық елдер айналысуда. Дамыған көлік логистикасы болмаса, тіпті, бүгінгі күшті ел ертең құрдымға кетеді.
 
Келесі жылы елімізде «Бақты – Аягөз» теміржол желісі іске қосылады. Жаңа бағыттың арқасында Қытаймен арадағы жүк өткізу мүмкіндігі 20 миллион тоннаға артады.
 
Тамыз айында «Арал – Каспий» күре жолының құрылысы басталды. Бұл жоба Транскаспий дәлізінің қашықтығын шамамен 1 мың шақырымға қысқартып, жүк жеткізу мерзімін үш күнге дейін азайтады.
 
Үкімет осы салада қолға алынған барлық жобаның сапалы әрі уақтылы орындалуын қатаң бақылауға алады.  

↑