Отбасы – адам өзін қауіпсіз сезінетін ең жақын ортасы болуы тиіс. Алайда кейбір шаңырақтың сырт көзге тыныш көрінгенімен, ішінде қорқыныш пен қысым жасырынуы мүмкін. Зорлық-зомбылықты отбасылық мәселе деп жауып қою оның зардабын одан әрі тереңдетеді. Әрбір адам өз құқығын қорғауға және көмек сұрауға құқылы. Қауіпсіз отбасы – берік қоғамның алғашқы баспалдағы.
Құралбек СӘБИТОВ

