Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / Көмек сұрауға қорыққан бала кімге сенеді?

Көмек сұрауға қорыққан бала кімге сенеді?

35 қаралым

Баланың қауіпсіздігі тек үйдегі жағдаймен немесе мектеп қабырғасымен шектелмейді. Оның айналасындағы ортасы, достары, әлеуметтік желідегі байланыстары да өміріне әсер етеді. Соңғы жылдары балалар арасындағы буллинг, қорқыту, бопсалау және психологиялық қысым мәселесі қоғам назарынан түспеуі керек.
Кейбір балалар өзіне жасалған қысым туралы ата-анасына айтуға ұялады немесе мәселені айтса, жағдай одан әрі қиындайды деп қорқады. Сондықтан ересектер баланың мінез-құлқындағы өзгерістерге назар аударып, оның пікірін тыңдай білуі қажет.
Мектеп, ата-ана және құқық қорғау органдарының бірлескен жұмысы балаларға қауіпсіз орта қалыптастыруға мүмкіндік береді. Әр бала өзін қорғалған сезініп, көмек сұрағанда қолдау табатынына сенімді болуы тиіс.

ҚҰРАЛБЕК СӘБИТОВ

↑