Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / Алатау қаласында жасөспірімдер арасында профилактикалық жұмыстар жалғасуда

Алатау қаласында жасөспірімдер арасында профилактикалық жұмыстар жалғасуда

49 қаралым

Алатау қаласында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында полиция мекемесінің қызметкерлері жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында профилактикалық жұмыстарды жалғастыруда.

Кездесулер барысында жасөспірімдерге заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпті бұзбау, буллинг пен құқықбұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері жасөспірімдермен ашық әңгімелесіп, оларды толғандырған сұрақтарға жауап беруде. Ата-аналар мен педагогтердің бала тәрбиесіндегі жауапкершілігіне де ерекше назар аударылып, құқық бұзушылықтың алдын алуда отбасы мен мектептің өзара байланысын нығайту қажеттігі атап өтілді.

Мұндай профилактикалық кездесулердің басты мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында заңға құрмет, жауапкершілік пен құқықтық мәдениетті қалыптастыру, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Заңға құрмет – тәртіптің негізі, ал қауіпсіз қоғам – ортақ жауапкершілік!

Толқын ОДАШҚЫЗЫ

Алатау қаласы

↑