Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп, «Халықтық бақылау» цифрлық сервистерін дамытуды жалғастыруда.
eGov mobile мобильді қосымшасындағы «Денсаулық» – «Медициналық қызметтер тарихы» бөлімінде көрсетілген медициналық көмек, оның атауы, көрсетілген күні мен уақыты, сондай-ақ қаржыландыру көзі туралы ақпаратпен танысу мүмкіндігі қосылды.
Аталған қосымшадағы «Халықтық бақылау» цифрлық сервисі арқылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына азаматтардан 6,3 мың өтініш келіп түсті. Олардың арасында көрсетілген мәліметтер мен іс жүзінде алынған медициналық көмек арасындағы сәйкессіздікті анықтағандар да бар. Осы өтініштер бойынша Қор тарапынан тексерулер жүргізіліп жатыр. Оның нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылданады.
Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

