-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл тынысы

    Кегенде ірі қара мал басы 87 пайызға өсті

    23.01.2024
    in Ауыл тынысы, Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар, Өңір тынысы
    Кегенде ірі қара мал басы 87 пайызға өсті

    Фото: egemen.kz

    0
    SHARES
    9
    VIEWS

    Кереге таулы киелі мекен – Кеген ауданы. Қазіргі таңда аудан дамуының негізі ауылшаруашылығы мен туризм саласы. Аймақтағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі былтыр 23 670 миллион теңгеге жетсе, ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 36 252 млн теңгеден асқан. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаев айтты.

    Аудан әлеуетін асқақтатар басты сала ауыл шаруашлығында былтырғы жылы оң нәтижеге қол жетті. Атап айтар болсақ, өткен жылы ауданда 93 млн теңгеге 12 ауылшаруашылығы техникасы сатып алынды. Шараулардың жүгін жеңілдеткен техниканың көмегімен 8212 гектар алқапқа дәнді-дақыл себілді. Күзгі жиын-терін жұмыстарында аталмыш аумақтан 16467 тонна өнім алынды. Төрт түліктен пайда тапқан мекенде мал шаруашылығы да жолға қойылған. Бүгінде бұл өлкеде 1827 шаруа қожалығы тіркелген.

    «Кеген ауданында ірі-қара мал 47 932 басқа жетіп, былтырғы жылмен салыстырғанда 87,8 пайызға өсті. Мал басын көбейту мақсатында 20 150 гектар жылдық шөптен және 21 136 гектар шабындық жерден 60 049 тонна мал азығы дайындалды. Алдағы уақытта мал басын асылдандыру үшін арнайы жоспар бойынша жұмыс жүргізіледі»,¬- деді аудан әкімі Нұрбақыт Молдахметұлы.

    Аудан басшысының сөзіне сенсек, жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтару ісі ілгерілеген. Жалпы ауданы 10 561 гектар жер мемлекетке өткен. Оның ішіде 9567 гектар жайылымдық, 341 гектар шабындық, 653 гектар егістік алқабы бар. Сондай-ақ сот шешімімен барлығы 6236 гектар ауылшаруашылығы мақсатындағы игерілмеген жер мемлекет меншігіне алынды.

    Кегеннің экономикалық жай-күйін жақсартатын тағы бір бағыт – шағын және орта бизнес. Баспасөз мәслихаты барысында кәсіпкерлік негіздеріне тоқталған аудан әкімі Кегенде 3433 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелгенін алға тартты.

    «Кәсіпкерлік салада 198 заңды тұлға еңбек етсе, 1408 жеке кәсіпкерлік жұмыс істейді. Сәйкесінше, бизнесін өркендеткен кәсіпкерлерден қазынаға түскен салық көлемі 500 млн теңгеге жеткен жайы бар», – деп қорытындылады Нұрбақыт Теңізбаев.

    Ұсынымдар

    Алматы облысында ауыл шаруашылығы форумы өтті

    Алматы облысында ауыл шаруашылығы форумы өтті

    2 years ago
    Мемлекет меншігіне қайтарылды

    Мемлекет меншігіне қайтарылды

    2 years ago
    Ғалымның аты өлмейді

    Ғалымның аты өлмейді

    6 months ago
    Кең даланы  күйімен күмбірлеткен

    Кең даланы күйімен күмбірлеткен

    3 months ago
    Жүрегінен ән тамған

    Жүрегінен ән тамған

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.