Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / ЕЛ БОЛАШАҒЫ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

ЕЛ БОЛАШАҒЫ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

53 қаралым

         Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазандағы Қазақстан халқына арнаған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы еліміздің алдағы даму бағдарын айқындайтын маңызды міндеттерді қамтиды. Жолдауда ел экономикасын нығайту, инфрақұрылымды жаңғырту, ауыл-аймақтарды дамыту, халықтың тұрмыс сапасын арттыру, білім мен ғылымды жетілдіру, цифрландыру және жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану мәселелеріне басымдық берілуі – уақыт талабынан туындаған өзекті міндеттер. Әсіресе, 2027 жылды  «Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы» деп жариялау бастамасы ерекше назар аудартады.  Өйткені жол, мектеп, аурухана, мәдениет ошақтары, кітапхана мен спорт кешендерінің салынуы – тек инфрақұрылымдық жаңару ғана емес, ең алдымен, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадам.

         Мәдениет саласының өкілі ретінде Жолдауда мәдениет ошақтарын дамытуға, кітапханалар мен шығармашылық үйлерін салуға ерекше көңіл бөлінгенін маңызды деп санаймын. Себебі, мәдениет – ұлттың рухани тірегі, тарихи жады мен ұлттық құндылықтарын келер ұрпаққа жеткізетін алтын көпір. Ел мен елді, ұлт пен ұлтты бір-бірінен ерекшелейтін негізгі белгілері  – тілі, салт-дәстүрі, тарихы десек, осы үштіктен мәдениет ұғымы қалыптасады. Сол мәдениетімізді, тарихи мұраларымызды көздің қарашығындай  сақтау, қорғау, насихаттау және жас ұрпақтың бойына сіңіру – баршамызға ортақ міндет. Сонымен қатар,  «Адал азамат», «Заң мен тәртіп», жауапкершілік пен адал еңбек қағидаттарының қоғам өмірінде берік орнығуы ел дамуының маңызды негізі деп білемін. Жолдауда белгіленген міндеттердің нәтижелі жүзеге асуы тек мемлекеттік органдардың жұмысына ғана емес, әрбір азаматтың белсенділігіне, кәсібилігіне және ортақ іске деген жауапкершілігіне де байланысты. Елдің ертеңі – бүгінгі еңбегіміздің нәтижесі. Сондықтан туған жеріміздің дамуына үлес қосу, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу және келер ұрпаққа өркендеген Қазақстанды аманат ету – бәріміздің ортақ парызымыз.

Гүлзат АСҚАРОВА,

 С.Аронұлының әдеби-мемориалды

музейінің меңгерушісі

Жамбыл ауданы   

↑