Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Ауыл шаруашылығы саласы бойынша өндімді жұмыстар атқарылу көзделген

Ауыл шаруашылығы саласы бойынша өндімді жұмыстар атқарылу көзделген

36 қаралым

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты халыққа арнаған жаңа Жолдауында 11 басым бағытты атап көрсетті. Жолдауда Ел Президенті жаңа жағдайдағы экономикалық дамуға ерекше мән берген. Яғни әлемді жайлаған пандемия әлем мемлекеттерінің экономикасына кері ықпалын тигізді. Осыны ескерсек, бізге нарықтың мүлде жаңа ахуалына дайын болу қажеттілігі туындап отыр. Осы орайда, Қазақстан Президенті ел экономикасын қалыпты ұстауға және оны дамытуға нақты шараларды атап көрсетті. Бұл ретте, өндіріс өнеркәсіптерін өркендетіп, шағын және орта бизнестің көкжиегін кеңейту қажет.
Басты құжатта Ел Президенті ауыл шаруашылығын дамытуға айрықша мән берді. Өңіріміздің аграрлы аймақ екенін ескерсек, бұл бағыттағы жұмыстар өңір үшін аса маңызды екені сөзсіз.
Негізінде, ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес. Сондықтан жыл сайын аграрлық секторда дәстүрлі қолдаулар көлемі артып келеді. Ендігі жерде ауыл шаруашылығы өнімдерін тереңдетіп қайта өңдеуге, тамақ және тоқыма өндірісін дамытуға, құрылыс материалдарын шығаруға және өнеркәсіптің өзге де салаларына баса назар аударылатын болады. Осының барлығына мемлекет тарапынан қолдау көрсетілмек.
Қазақстан Президенті стратегиялық құжатта салаға қатысты шешімін таппай келе жатқан мәселелердің бар екеніне тоқталды. Атап айтқанда, жұрттың жерге қол жеткізе алмауы, ұзақ мерзімге берілетін «арзан несиенің» болмауы, кәсіби мамандардың тапшылығы еліміздегі ауыл шаруашылығы саласының ілгерілеуіне кері әсерін тигізуде. Жолдауда Мемлекет басшысы осы түйткілді мәселелердің түйінін тарқатып берді.
Жалпы Жолдауда ауыл шаруашылығы саласы бойынша өнімді жұмыстар атқарылу көзделген. Атап айтқанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен өзімізді толық қамтамасыз ету, миллиондаған ауыл тұрғындарының табысын арттыру, еңбек өнімділігін екі жарым есе көбейту, агроөнеркәсіп кешені өнімінің экспортын екі есе арттыру сала жұмысына серпіліс әкеледі. Сондықтан осыған қол жеткізу үшін жұмыла жұмыс жасаған жөн.


Мақұлбек БАЯНБАЙ, кәсіпкер

↑