Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Халық саулығы – ел дамуының тірегі

Халық саулығы – ел дамуының тірегі

36 қаралым

         Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауында денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту мен медицина қызметкерлерін қолдауға ерекше басымдық берілді. Алматы облысына қарасты Жамбыл ауданының Қарғалы ауылындағы аудандық аурухана ұжымы бұл бастамаларды үлкен қолдаумен және зор жауапкершілікпен қабылдады. Биылғы Жолдауда ауылдық жердегі медицина үшін аса маңызды бірнеше нақты міндет айқындалды.

         Президент жалпы практика дәрігерлерінің өкілеттігін кеңейтіп, алғашқы көмек жүйесін қаржыландыруды кезең-кезеңімен арттыруды тапсырды. Бұл аудан тұрғындарының дер кезінде әрі сапалы тексеруден өтуіне тікелей жол ашады. Келесі жылғы 1 қаңтардан бастап учаскелік қызмет мамандарының жалақысы өсетіні зор қуаныш. Соңғы уақытта медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру және олардың құқықтық-физикалық қорғалуын заңмен күшейту бағытындағы шаралар ақ халатты абзал жандардың алаңсыз еңбек етуіне мүмкіндік жасауда. Мемлекет басшысы атап өткендей, қуатты аймақтар – күшті мемлекеттің негізі. Біздің аурухана ұжымы да Жолдауда жүктелген міндеттерді абыроймен орындап, тұрғындардың денсаулығын сақтау мен нығайту жолында бар күш-жігерін жұмсай бермек.

Нұрлан ӘЖІБЕКОВ,

Жамбыл аудандық ауруханасының директоры

↑