Технология дамыған сайын алаяқтардың да айла-тәсілдері күрделене түсті. Жалған қоңыраулар, күмәнді сілтемелер, әлеуметтік желідегі «тиімді» ұсыныстар мен оңай табыс уәде еткен жобалар жыл сайын көптеген адамды шығынға батыруда.
Банк картасының деректерін, SMS-кодтарды және жеке мәліметтерді бөгде адамдарға ешқашан беруге болмайды. Сондай-ақ «қысқа мерзімде жоғары пайда» немесе «жаңа қатысушы тарту арқылы табыс табу» сияқты белгілері бар қаржы пирамидаларынан сақ болу қажет.
Қаржылық және цифрлық сауаттылық — ең сенімді қалқан. Кез келген ақпаратты тексеру, асығыс шешім қабылдамау және күмәнді жағдайда тиісті органдарға хабарласу қаражатты сақтауға көмектеседі.
АЙЖАРЫҚ КӨПТІЛЕУОВ

