Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / ІЛЕ АУДАНЫНДА САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІ ДАУЫС БЕРУ ҮШІН АШЫЛДЫ

ІЛЕ АУДАНЫНДА САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІ ДАУЫС БЕРУ ҮШІН АШЫЛДЫ

30 қаралым

Бүгін Іле ауданындағы сайлау учаскелерінде дауыс беру Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің орындалуымен басталды.

Аудан бойынша 92 сайлау учаскесі, оның ішінде 6 жабық сайлау учаскесі өз жұмысын бастады. Жалпы 158 490 сайлаушы дауыс беруге қатыса алады.

Таңғы уақыттан бастап сайлау учаскелерінде дауыс беруді ұйымдастыруға қажетті барлық жағдай жасалған. Учаскелік сайлау комиссиялары жұмыс орындарында, бюллетеньдер мен дауыс беруге арналған кабиналар дайын.

Сайлау процесінің заң талаптарына сәйкес өтуін бақылау мақсатында байқаушылар да өз жұмыстарына кірісті.

Сайлау учаскелері сайлаушыларды қабылдауға дайын. Дауыс беру белгіленген тәртіпке сәйкес өтуде.

↑