Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Райымбек ауданының Құрметті азаматтары сайлауда дауыс берді

Райымбек ауданының Құрметті азаматтары сайлауда дауыс берді

45 қаралым


Бүгін елімізде Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтуде. Райымбек ауданында да саяси науқан белгіленген тәртіпке сәйкес ұйымдастырылып, тұрғындар өздері тіркелген сайлау учаскелеріне келіп, дауыс беруде.
Сайлауға қатысқандардың қатарында ауданның Құрметті азаматтары, елге еңбегі сіңген танымал тұлғалар да бар. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының «Құрметті жаттықтырушысы», аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Бекболат Бірбаев және ауданның Құрметті азаматы Б. Омарова Нарынқол ауылындағы №763 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады.
Өмір жолын елдің қоғамдық, мәдени және рухани дамуына арнаған азаматтардың сайлауға қатысуы – азаматтық жауапкершіліктің көрінісі. Әр салада еңбек етіп, ауданның өркендеуіне өзіндік үлес қосқан тұлғалардың жергілікті өкілді органды қалыптастыруға қатысуы сайлаудың қоғамдық маңызын айқындай түседі.
Мәслихат депутаттары жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты шешімдерді қарастыруға және халықтың мүддесін білдіруге атсалысады. Сондықтан әр сайлаушының өз таңдауын жасауы жергілікті басқару жүйесіндегі маңызды қадам саналады.
Қазіргі уақытта Райымбек ауданындағы сайлау учаскелерінде дауыс беру процесі жалғасуда. Тұрғындар өз азаматтық құқықтарын пайдаланып, мәслихат депутаттарының сайлауына қатысуда.

↑